- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Конференцияда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Б.А.Ердембеков конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, арнайы келген шетелдік қонақтармен таныстырды.
Баяндама барысында қатысушылар энергияның баламалы көздері, күн мен желден қуат алып, энергия көзін шығаратын озық технологиялармен таныстырып, «жасыл» экономика туралы сөз қозғап, тұщымды пікірлер айтты. Жалпы «жасыл» экономиканың негізінде — таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуынша, «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ғылыми отырыста Будапешт қаласы Петер Пазмань атындағы Католик университетінің профессоры Иржи Клемеш және Пусан Ұлттық университетінің профессоры Sang-Maе Lee баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.