С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы облыс мектептерінің 2-4 сынып оқушылары арасында «Жас зерттеуші» ғылыми жұмыстар сайысын өткізді.
Сайыс мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу.
Оқушылар ғылыми жұмыстарын мына 5 секцияда қорғады – қазақ тілі және әдебиет; орыс тілі және әдебиет; математика-информатика; жаратылыстану, химия, экология; география, тарих, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі өлкетану.
Сайысқа Үржар, Ұлан, Күршім, Жарма, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай аудандарынан, Өскемен, Риддер, Серебрянка қалаларынан 75 оқушы қатысты.
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы