Өскемен қаласында облыс орталығының колледж студенттері арасында «Біз – салауатты өмір үшін» акциясы өтті. Оған ШҚМУ Жоғарғы колледжінің студенттері қатысты.
Аталмыш акцияға жалпы 9 оқу орны қатысуға ниет білдірді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжінің 1-2 курс студенттерінен құралған топ жетекшілері дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Әнел Таранова және Дәулетқан Шаттық.
Колледж студенттерінің басын қосқан акцияның мақсаты – салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, зиянды әдеттерге бет бұрмауға, спорпен шұғылдануға шақыру болып табылады.
Іс-шара бағдарламасында түрлі спорттық ойындар, сайыстар, эстафеталар ұйымдастырылды. Барлық сыннан сүрінбей өткен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған команда 1-ші орынды қанжығаларына байлады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да сәттілік серік болғай демекпіз!
Баспасөз қызметі