С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде «Тәрбие жұмысы - қашықтықтан білім беру жағдайында академиялық тұтастықты қамтамасыз етудің факторы ретінде» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - Жоғары колледж студенттеріне қашықтықтан оқыту жағдайында адамгершілік тәрбие беру.
Вебинар барысында шақырылған қонақтар мен Жоғары колледждің оқытушылары сөз сөйледі. Тыңдармандар қатарында Жоғары колледждің әртүрлі топтарының студенттері, сонымен қатар оқытушылар болды.
Сессия жақындаған сайын вебинар студенттер үшін өзекті болды, оны кез-келген жағдайда адал және тәуелсіз түрде өткізу керек.
Баспасөз қызметі