С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі Өскемен қаласының мектеп түлектері үшін ашық есік күнін өткізді.
Оқушыларды колледж оқытушылары мен студенттері қарсы алды. Олар үшін концерттік бағдарлама, ШҚМУ мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, шеберлік сыныптары мен викториналар өткізілді.
Мектеп оқушылары колледже оқудың артықшылықтары, мамандықтары, түсу шарттары туралы ақпарат алды.
Іс-шара соңында оқушылармен «Кім ШҚМУ Жоғары колледжінің студенті болғысы келеді?» ойыны өткізіліп, қатысушыларға естелік кәдесыйлар табысталды.
Балалар оқу орнына деген асқан қызғушылық танытты, олардың барлық сұрақтарына жуап берілді.
Баспасөз қызметі