С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде Тұңғыш президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен дамуында Тұңғыш Президент рөлін көрсету. Дөңгелек үстелге сырттан шақырылған қонақтар, колледж оқытушылары мен студенттері жиналды.
Дөңгелек үстелге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ музыка кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. М. Мужчиль, п.ғ.к., доцент Ә. Нұрғожина, аға оқытушы У. Жүнісов қатысты. Кафедра оқытушылары «Елбасы сүйіп тыңдайтын әндер» еңбектерімен таныстырып, студенттерге Елбасының сүйікті әндері туралы баяндады. Студенттер Еламан Мерғазы, Жұлдыз Қуанышқалиева, Мағжан Айтуған Ұлт көшбасшысының саясаты, мемлекет дамуына қосқан үлесі туралы баяндамалар оқылып, талқылады. Колледж оқытушысы С. Мужчиль Тұңғыш Президенттің сыртқы саясаты жайында айтты.
Сондай-ақ, колледж кітапханасында «Әлем таныған жасампаз көшбасшы» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасы еңбектері және оның өмірі, жұмысы туралы кітаптар қойылды.
ШҚМУ Жоғары колледжі