- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Жаңартылған білім мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер» іс-тәжірибе алмасу сабағы өтті.
Сабаққа колледж оқытушылары мен «Бастауыш білім беру» мамандығының білім алушылары қатысты. Тәжірибе алмасу өзгеше форматта, яғни әкімшілігі (педагогика пәні оқытушысы Ж.Ш. Қажыбаева), даяшысы (НО3Б тобының білім алушылары) мен арнайы ас мәзірі бар үш түрлі дәмханаларға саяхат форматында өтті.
Бірінші дәмхана «Интернет кафе» аталды, бұл дәмхана даяшылары сабақ қонақтарын өз ас мәзірлеріндегі -Learning Apps.org, - Kahoot! -Bilimland.kz -Imektep.kz -Plikers -Tarsia бағдарламаларымен таныстырып, оларды іс жүзінде қолдануды көрсетті. Екінші дәмхана «Терраса демалу кафесі» аталды, жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер, оның ішінде сергітуге арналған жаттығулар, әдістер көрсетілді, сабақ қонақтары терраса флеш-мобына қатысып, сергіді.
Бұдан кейін дәмхана әкімшілігі мен даяшылар сабақ қонақтарын «Fast food» дәмханасына шақырып, «Гамбургер», «Фишбоун», «Кока-кола» атты сабақта қолдануға болатын рефлексия әдістерімен таныстырды. Сабақтың соңы «Барометр» әдісі арқылы қорытындыланды.
Соңында оқытушылар мен білім алушылар сабақты ұйымдастырған педагогика пәнінің оқытушысы Ж.Ш. Қажыбаеваға және НО3Б тобының білім алушыларына алғыстарын, алған әсерлерін білдірді.
Жоғары колледж