Жастар жылы аясында ШҚМУ Жоғары колледжінде «Білімді жастар – еліміздің болашағы» ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
Конференция мақсаты – білім алушыларды қазіргі ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру, олардың шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.
Пленарлық отырысты ашқан Жоғары колледж директоры С. Өтепов жастар парасатты, рухани дамыған, жан-жақты, адамгершілігі мол тұлға болуы керектігін атап көрсетті. Бұл – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп отырған алғашқы іс-шара емес. Колледж директоры жастарды бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейдегі кәсіби маман болуға шақырды.
Жұмыс педагогикалық және техникалық-гуманитарлық секцияларда жалғасты. Педагогикалық бағытта 11, техникалық-гуманитарлық бағытта 7 баяндама оқылды. Жоғары колледж оқытушылары басшылығымен дайындалған студенттердің ғылыми баяндамалары өзектілігімен және жаңалығымен ерекшеленді. Студенттердің зерттеу бағыттары әртүрлі болды: тіл және әдебиет, дене тәрбиесі және спорт, психология, педагогика, құқық, тарих, экономика.
Педагогикалық секцияда қазылар алқасы жүлделі орындарды төмендегідей бөлді: 1 орын – «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының студенті Жанаргүл Маусат, 2 орын – «Аударма ісі» мамандығының студенті Жанерке Тоқанова, 3 орын – «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Анастасия Зайцева.
Техникалық-гуманитарлық бағыттағы орындар келесідей бөлінді: 1 орын – «Құқықтану» мамандығының студенті Назгерім Нұрбекова, 2 орын – «Аударма ісі» мамандығының студенті Аида Смағұлова, 3 орын – «Құқықтану» мамандығының студенті Адила Серікхан.
Конференцияның жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, конференцияға білім алушыларды дайындаған ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледж