№1 оқу ғимаратында ШҚМУ Жоғары колледжінің алғашқы 32 түлегіне диплом табысталды.
№111 дәрісханада «Құқықтану» мамандығы, «Заңгер» біліктілігі бойынша 32 маман диплом алды, олардың 10-ына үздік дипломдар табысталды.
Түлектерді колледж директоры С. Өтепов пен оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Б. Төлегенова құттықтап, ақ жол тіледі.
Қолдарына диплом алған «Құқықтану» мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжін тəмамдаған алғашқы түлектерін құттықтаймыз!
Алдағы уақытта жоғары оқу орнын жалғастырып, өз істерінің білікті әрі білімді кәсіби маманы болатындарына сеніміміз мол.
Колледжден алған білімдері болашақтарына бағдаршам болып, еліміздің елеулі азаматтары атануына тілектестік білдіреміз!
Баспасөз қызметі