Жоғары колледж студенті Никита Хоряков 4 елдің спортшылары қатысқан қол күресінен халықаралық Азия кубогында 2 орын алды.
Алматы қаласында өткен сайысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан спортшылары қатысты. Осы додада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 1 курс студенті Никита Хорьяков 2 орын алды.
Спортшының ендігі мақсаты – әлем чемпионы атану. Ол – қол күресінен облыстың чемпионы және бірнеше мәрте жүлдегері. Оның ұстанымы – «Жеңілсең, өзіңнен көр!»
Бос уақытында Никита спорттық биологияны және адам анатомиясын оқиды екен.
Студентімізді құттықтап, табыс тілейміз!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі