Нұр-Сұлтан қаласынан MisInfoQuest халықаралық байқауына қатысқан журналист-студенттер командасы – Дмитрий Бекарюков, Айсұлу Мұхамедқалиева, Еркежан Советханова және оқытушы Татьяна Галкина оралды.
25-27 қазанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Соғыс пен бейбітшілікті жариялау институтының жобасы – CABAR.ASIA (Central Asian Bureau for Analytical Reporting) ұйымдастырған MisInfoQuest байқауына қатысты.
Квестке Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің 11 университетінен студенттер жиналды. Елімізден ШҚМУ-мен қоса Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.А. Яссауи атындағы ҚТУ сынды жоғары оқу орындарының өкілдері болды.
Атап өтерлігі, Еркежан Советханованың командасы 3 жүлделі орынды алып, құнды сыйлыққа ие болды.
Баспасөз қызметі