С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да журналистика мамандығының 1-4 курс студенттері үшін жаңа медиаға контент жасау ерекшеліктеріне арналған тренинг өтті.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары Н. Будникова мен Т. Галкина жазда cabar.asia (Central Asian Bureau for Analytical Reporting) медиамектебі ұйымдастырған семинарда алған білімдерімен бөлісті.
Студенттер листикл жанрында материал жазып көрді, жаңа медиаға арнап контент және инфографика әзірледі, визуалды сторителлинг сервистерімен жұмыс істеді. Семинар соңында сертификаттарға ие болды.
Баспасөз қызметі