ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы дарынды жастарды қолдау мақсатында 2020-2021 оқу жылында тегін студенттік абонементті енгізу жобасын жүзеге асыруда.
Абонемент алуда «Туризм», «Тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге артықшылық берілмек.
Конкурстық іріктеуге ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттер, Абай атындағы, С. Аманжолов атындағы және Қ. Бітібаева атындағы атаулы стипендияларға, сондай-ақ Президенттік стипендияға ие болған студенттер қатысады.
Баспасөз қызметі