Өскеменде, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №5 оқу ғимаратының акт залында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ХХІІІ конференциясы өтті, оған филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.
Конференцияға С. Аманжолов атындағыв ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген қатысты.
Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Мұхтарханов баяндама жасады.
Партия мүшелері ел Президентінің 9 маусымда кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын бірауыздан қолдады.
Конференция соңында партияның республикалық съезіне 49 делегат сайланды.
Баспасөз қызметі