С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 10-11 сынып оқушыларына арналған «Өсу орталығы» дайындық курсының қысқы маусымының салтанатты жабылуы өтті.
4-9 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының 10-11 сынып оқушыларына арналған «Өсу орталығы» дайындық курсының қысқы маусымының салтанатты жабылуы өтті.
«Өсу орталығы» дайындық курсының қысқы маусымының бағдарламасына сәйкес тыңдаушылар күнделікті сағат 8.00-ден 16.50-ге дейін сабақ оқыды.
Тыңдаушыларға қысқы маусымдағы оқудың аяқталуы туралы сертификаттар табыс етілді.
Балалар білім қоржынын толықтырып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге әрі қарай дайындалу үшін өз мектептеріне көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы