- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі аймақтық экономиканың тұрақты дамуы үшін сұранысқа ие мамандықтарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантына 200 орын бөлді.
Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында құжат қабылдайтынын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдау – ағымдағы жылдың 14-17 тамыз аралығында жүргізіледі.
Құжаттар тізімі (ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткендерге білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін):
1. Белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2. Білімі туралы құжат (aттестат немесе диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
3. ҰБТ немесе КТ сертификаты;
4. 086-у нысаны бойынша медициналық анықтама;
5. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
6. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7. Талапкердің басым құқыққа ие екендігін растайтын құжаттар (жетім, мүгедек екендігін растайтын анықтама).
Құжаттар аймақтағы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына тапсырылады.
Скачать перечень востребованных специальностей.
Шығыс Қазақстан
облысының білім басқармасы