ШҚО Полиция департаментінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ заңтану мамандығының студенттері үшін ашық есік күні өтті.
Мақсаты – студенттерді полиция құрылымдарының жұмысымен таныстыру, жастар арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу.
Студенттер алдында Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат Баяндинов, аталмыш басқарманың ардагерлер кеңесі төрағасы Зинаида Макрушина, кадр бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қарлығаш Қыстаубаева, Көші-қон полициясы бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Орал Рыспаев сөйлеп, қызметтерінің қыр-сыры туралы әңгімелеп берді.
Студенттер Жедел басқару орталығында болып, озық техниканың мүмкіндіктерін көрді. Сондай-ақ, олар департамент мұражайына, кинологиялық орталыққа барды.