- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ басшысы Сарсебаев Жасулан Бірлікұлы «Туризм», «Биология», «Халықаралық қатынастар», «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының студенттерімен кездесу өткізді.
Мекеме басшысы Шығыс Қазақстан облысының туристік саласының даму болашағының басымды бағытттары, Шығыс Қазақстан облысының 2015-2020 жж. арналған туризм саласын дамыту жол картасын жүзеге асыру барысы жайлы мәліметтер берді. Сонымен қатар, қазіргі еңбек нарығы жағдайында «Туризм», «Халықаралық қатынастар», «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының түлектерінің кәсіптік қызметіне қажетті құзіреттіліктерді атап көрсетті.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жасулан Бірлікұлы студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру мақсатындағы ынтымақтастықтың болашағы белгіленді.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Төлеген М.Ә. «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ басшысы Сарсебаев Жасулан Бірлікұлына мазмұнды жасалған баяндамасына және ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Экономика және құқық факультеті