- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
29 қазан күні Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де білім алып жатқан студенттермен кездесті.
– Біздің Шығыс Қазақстан «Серпін-2050» - «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша көш бастап келе жатқан облыстардың бірі. Шығыс Қазақстан облысындағы жоғарғы және орта мамандандырылған оқу орындарында Жамбыл облысының 158 студенті, соның ішінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де – 38 студент, Д.Серікпаев атындағы ШҚМТУ-де – 61 студент білім алуда, Шәкәрім атындағы университетте (Семей қ) – 37, медициналық университетте (Семей қ.) – 6, техникалық кәсіби білім беру жүйесінде – 16. Студенттер үшін барлық жағдай жасалған.
Аталған жоба Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының ынтымақтастығының айқын дәлелі болып табылады, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов кездесу барысында.
Баспасөз қызметі