Ағымдағы оқу жылында «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ-да тәжірибелік-бағдарлы оқытуды күшейту мақсатында 21 білім беру бағдарламасына дуальді оқыту элементтері енгізілді, бұл өткен оқу жылына қарағанда төртке көп.
Дуальді оқытуы бар білім беру бағдарламалары (ББ) қатарында – қазақ тілі мен әдебиеті, журналистика, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану, дефектология, психология, экология, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, кәсіптік оқыту, химия, биология, физика, информатика, дене шынықтыру және спорт, т.б.
Жаңа 2020-2021 оқу жылында «Тарих», «Тарих және цифрлық гуманитаристика, «Орыс тілі мен әдебиеті», «Химия – Биология», «Биология», «Құқықтану» білім беру бағдарламаларына дуальді оқытуды енгізу жоспарлануда.
Баспасөз қызметі