Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде дарынды студенттер үшін екі атаулы стипендия, үш атаулы грант және пәндік гранттар енгізілді.
ЖОО-да дарынды студенттерді қолдау үшін 2018 жылдан бастап екі стипендия енгізілген – Абай Құнанбаев атындағы стипендия (50 мың теңге) және Сәрсен Аманжолов атындағы стипендия (25 мың теңге).
Сонымен қатар, Қанипа Бітібаева атындағы, Абай атындағы, Ахмет Байтұрсынов атындағы гранттар, сондай-ақ пәндік гранттар бар.
ЖОО-ның атаулы стипендиялары мен гранттары 2020 жылы ЖОО-ның үздік талапкерлеріне берілді.
Баспасөз қызметі