Экономика және құқық факультетінің Экономика және басқару кафедрасы «Экономика» мамандығының күндізгі оқу түрі бойынша 4-курс және ҚББТ қолдануымен ТжКБ негізінде күндізгі оқу түрінің 3-курс студенттерінің диплом алдындағы практикасы бойынша есептерді онлайн-қорғауды ұйымдастырды.
Қорғауға комиссия төрайымы, Экономика және басқару кафедрасы меңгерушісінің м.а. Майнұр Ордабаева; комиссия мүшелері және дипломдық жұмыстардың жетекшілері қатысты.
Әрбір баяндамашы диплом алдындағы практика нәтижелері бойынша презентация дайындады, өзінің зерттеу тақырыбы, алған практикалық білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді. Конференция кафедра студенттері мен оқытушыларының белсенді қатысуымен өтті, оларға дипломдық жұмысы тақырыптары бойынша зерттеу нәтижелері, кәсіпорын қызметіне талдау жүргізу кезінде анықтаған мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Онлайн қорғаудың соңында қорытынды шығарылып, диплом алдындағы практика бойынша студенттер білімі бағаланды.
Экономика және басқару кафедрасы