Экономика және құқық факультетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «Білім-ғылым-бизнес интеграциясы: мәселелері мен болашағы» атты VII республикалық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Экономика, мемлекеттік басқару және құқық саласындағы зерттеулер» секциясының отырысы өтті.
Секция профессор, э.ғ.к. Қ.Ж. Шолпанбаеваның төрағалығымен өтті.
Конференция барысында құқықтық және экономикалық бағыттағы өзекті тақырыптарға 23 баяндама тыңдалды. Елдің экономикалық қауіпсіздігі, импортты алмастыру, туризм саласындағы public relations, адамзатқа қарсы зорлық-зомбылық тұжырымдамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері саласындағы қазіргі заманғы проблемалар мен оларды шешу перспективалары қозғалды.
Экономика және құқық факультеті