С.Аманжолов атындағы ШҚУ Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы 11 сынып түлектері арасында «Болашақ ұстаз» облыстық конкурсын өткізді.
Байқау мақсаты – мұғалім мамандығының беделін, оның педагогикалық қызметін арттыру. Ол 3 кезеңде өтті. Бірінші кезең – сырттай (жеке шығармашылық жұмыстар: эссе, шығарма, шағын зерттеу, ертегі, әңгіме, поэма және т.б.), екінші кезең – тестілеу, үшінші кезең – шығармашылық өзін-өзі таныстыру. Облыстық байқауға 47 мектеп түлегі қатысты.
Байқау нәтижесі төмендегідей: бас жүлде – Элина Егорова (Риддер қаласының №12 орта мектебі), І орын – Алина Копылова (Алтай қаласының мектеп-лицейі), ІІ орын – Анастасия Тимофеева (Алтай қаласының мектеп-лицейі), Аяжан Тұрдыбаева (Тарбағатай ауданы Шор елді мекені Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі), ІІІ орын – Айым Құмарбекова (Өскемен қаласының №49 мектебі), Жанел Жақсыбергенова (Семей қаласының №15 мектебі).
Комиссия шешіміне сай 3 кезеңнің қорытындысы бойынша гран-при иегері университеттің білім грантын иеленді. 1, 2, 3 орын жеңімпаздары дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы