Жаңа оқу жылына дайындық және қашықтан оқыту аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде оқытушылардың бейнедәрістерін түсіру бойынша жұмыстар қарқын алып отыр.
Оқытушылардың электрондық оқу-әдістемелік кешендерін сапалы әзірлеуін қамтамасыз етуді және оларға бейнедәрістер жазуды университеттің Ғылыми кеңесі маңызды міндеттер ретінде қарастырады.
Бейнедәрістерді жазу «ALTAI JASTARY» медиаорталығының телестудиясы базасында, сондай-ақ университеттің оқу корпустарында жүргізіледі.
ЖОО жоспары – ағымдық дәріс аудиторияларын проекторлармен және интерактивті панельдермен қамтамасыз ету, ал болашақта сандық педагогика зертханасын құру.
Баспасөз қызметі