Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті былтырдан бастап педагогикалық қайта даярлау бойынша 21 мамандыққа құжаттарды қабылдауды бастады.
Қазір елімізде математика, физика, ағылшын тілі, бастауыш мектепке дейінгі білім мен тәрбие, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері мен арнаулы педагогтерге тапшылық үлкен.
Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі ЖОО базасында педагогикалық қайта даярлау курстарын ашу туралы тапсырма берді.
Қазір дефектология, алғашқы әскери даярлық, химия, физика, биология, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі т.б. мамандықтар бойынша педагог кадрларды оқыту басталды. Курсанттар 7 ай көлемінде 1200 сағатты игеріп, педагогика, психология, жас ерекшелігі физиологиясы және оқушылар гигиенасы, пәнді оқыту әдістемесі және кәсіптік пәндерден дәріс алады, педагогикалық іс-тәжірибеден өтеді.
Курс аяқталған соң министрлік тарапынан сертификат беріледі.
Б. Келгембаева,
Кәсіптік даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығының директоры