20 сәуірде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы білім алушыларының дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғау өтті.
Алдын ала қорғауға кафедра оқытушылары, ғылыми жетекшілер – Т.М.Әбдірахманова, Д.Р.Мұхамеджанова, М.А.Серебряникова, С.А.Федосова, И.Ю.Ларионова, Е.Е.Чжан, Г.К. Қапышева қатысты.
«Тілдер және әдебиет» бағыты бойынша білім алушылардың бітіру жұмыстары жаңа әдістерді енгізуді үнемі және үздіксіз іздеумен сипатталатын ерекше сала болып табылады.
Баспасөз қызметі