Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі мен Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі бірлесіп онлайн режимінде «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Оған Түркиядан келген ерікті оқытушылар Садуллах Думан, Гүл Бану Думан және Ресей, Қытай, Моңғолия, Әзірбайжан студенттері қатысты.
Үстел қонақтарының, С.Аманжолова атындағы ШҚУ-да оқитын шетелдік студенттердің жылы және мерекелік атмосферасы барлық қатысушыларды жағымды қуатпен толтырды, ал Дукай Таңнұр (Қытайдан келген студент) орындаған Абайдың өлеңі қатысушылардың жүрегін толқытты. Әзірбайжандық "Аударма ісі" ББ 1 курс студенті Фатима Әлиева, моңғолиялық "Математика-физика" ББ кіші курс студенті Еркінгүл Амангелді және "Шет тілі: екі шет тілі" ББ 1 курс студенті Рихард Наак жақсы әсерлерімен және университетке деген алғыс сөздерімен бөлісті.
Онлайн режиміне қарамастан кездесуде жастық, достық, келісім және көктемгі сергектік рухы орнады.
Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі