Педагогика, психология және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Музыкалық білім және алғашқы әскери дайындық кафедрасында «Шығыс Қазақстанның музыкалық мәдениеті» электронды энциклопедиясының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесер онлайн форматта өткізілді. Іс-шараға студенттер, магистранттар, оқытушылар қатысты.
Іс-шараның модераторлары – кафедра оқытушылары А.К.Кашей және А.С.Досымова электрондық энциклопедияның мақсаттарымен, міндеттерімен және құрылымымен, өнер адамдарының шығармашылығымен және еңбектерімен таныстырды.
Электронды энциклопедияда Шығыс Қазақстан өнер шеберлерінің өмірбаяны, өткен және қазіргі заманның Шығыс Қазақстан өңірінің музыкалық мәдениетінің көрнекті өкілдерінің еңбектері ұсынылған.
Электрондық энциклопедияның ерекшелігі – музыканың түрлері мен жанрларының өкілдерін толық қамту (мүмкіндігінше).
Энциклопедияда педагогтар, аспапшылар, вокалистер, музыкатанушылар, джаз және рок-музыканы орындаушылар, қолданбалы өнер шеберлері ұсынылған.
Тұсаукесер сәтті өтті. Қатысушылар атқарылған жұмыстың маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті.
Музыкалық білім және
алғашқы әскери дайындық кафедрасы