- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары мен 2 курс магистранттары және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы, «Өрлеу» біліктілікті артыру ұлтық орталығының оқытушылары қатысып, өзекті тақырыпта баяндамалар жасалды.
Дөңгелек үстелде М.К. Ақанов, Л.К. Жаманбаева, Р.С. Чекетаева, Ж.А. Сәдуақасова, Б.Б. Ожаева, А.С. Нұрмұхамбетовалар өзекті тақырыпта баяндамалар жасады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай дөңгелек үстелге 100 шақты тарихшы қатысып, өткеніміз бен бүгініміз туралы сөз қозғады. Жиында бейнероликтер көрсетіліп, болашақта тарихшылардың атқаратын міндеттері жайлы белсенді талқылау болды.
Қазақстан тарихы кафедрасы