Университеттің Ғылыми кеңесі 2020-2021 оқу жылына арналған бакалавриат (2-5 курс), магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жаңа жұмыс оқу жоспарларын бекітті.
337 оқу жоспарының 264-і бакалавриаттың, 73-і магистратураның және 12-сі докторантураның (PhD) білім беру бағдарламалары бойынша бекітіліп отыр.
Сонымен қатар, ЖОО-ның Ғылыми кеңесі бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбелерді және GPA – орташа курстан-курсқа ауысу балын бекітті.
Баспасөз қызметі