- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ұйымдастырған «Елтану: тіл, тарих және мәдениет» республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясының пленарлық мәжілісінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Ә. Әлімхан баяндама жасады.
Баяндама «Латыннегізді ұлттық әліпби мен емле ережелерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» деп аталып, оқытудың жазылым, тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыларын дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы айтылды.
Пленарлық мәжілісте С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы С.Қ. Иманбердиева, М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.О. Симбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.М. Иманқұлова және т.б. баяндама жасады.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы