Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Экономика және құқық факультетінде Күршім ауданының орта мектеп түлектерімен «Ашық есік күні» онлайн кездесуі өтті.
Кездесуге аудандық білім бөлімінің өкілдері, Күршім ауданындағы он орта мектептің басшылығы мен оқушылары қатысты.
Кездесуде С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен бірегейлігі, оқуға түсу ережелері, түрлі бағдарламаларға өту балдары айтылды.
Экономика және құқық факультеті