Бүгін, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, ЖОО ректораты, сондай-ақ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің қызметкерлері таңертең жұмысқа бара жатқан оқытушыларды, қызметкерлерді және бірінші курс студенттерін мерекемен құттықтады.
Кіреберісте әйелдерге гүл шоқтары табысталып, көктемнің шуақты күнінде ізгі тілектер айтылды.
Мереке құтты болсын!
Баспасөз қызметі