«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы форсайттық зерттеулер» жаңа жобасын іске асыруға кірісті.
Форсайт-технология – бұл әлеуметтік процестердің дамуын қысқамерзімді және ортамерзімді перспективаға жоғары дәлдікпен болжау.
Форсайт-болжамдардың негізі brainstorming («ми шабуылы») барысында алынған сараптамалық бағалау болып табылады.
«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ жобаға қатысуға әлеуметтік теория мен практиканың түрлі салаларындағы республикалық сарапшыларды тартты. Сарапшылар қатарында – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Алтайтану» ҒЗО бас ғылыми қызметкері Элеонора Столярова бар.
Бірінші форсайт-сессия 17-19 тамызда өтті және «Болашақ қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру» тақырыбын талқылауға арналды.
Үш күндік жұмыс барысында сарапшылар бүгінгі күннің негізгі үрдістерін, олардың тәуекелдері мен артықшылықтарын анықтады, сондай-ақ алдағы он жылда әлеуметтік және экономикалық белсенді қазақстандық ие болатын жеке және кәсіби ерекшеліктерін анықтауға тырысты.
Келесі форсайт-сессияға сарапшылар 24-26 тамызда жиналып, алдағы онжылдықтағы Қазақстанның халықаралық аренадағы орны мен рөлін қалыптастыруға тырысады.
https://ruh.kz/news/obraz-budushchego-kazakhstantsa-issleduyut-v-rk/
«Алтайтану» ҒЗО