«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы 88 атаудан тұратын 7510 дана кітап алды.
Барлық гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік университеттерінің қазақ тіліне аударылған оқулықтары студенттерге әлемдік стандарттар деңгейінде ғылымдарды кеңінен зерттеуге мүмкіндік береді.
Ғылыми кітапхана ғылымның белгілі бір бағыттарын қамтитын салалық блоктар бойынша бірқатар презентациялар дайындады. Оқытушылар мен студенттердің назарына экономикалық пәндер бойынша бірінші топтаманың бірінші тұсаукесерін ұсынамыз.
Ғылыми кітапхана