С.Аманжолов атындағы ШҚУ Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы Бақдәулет Анас «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалы ұйымдастырған ашық пікірталас алаңына қатысты.
Облыстық жастар ұйымдарының басшылары, көшбасшы белсенділер және жас мамандар қатысқан іс-шарада «Қазіргі Қазақстан жастарының негізгі қажеттіліктері қандай?» тақырыбы талқыланды.
Пікірталас алаңын «Jas Otan» жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Алмас Айтмұқаш жүргізді.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі