С.Аманжолов атындағы ШҚУ Педагогика, психология және мәдениет факультеті ДШжСТмӘ кафедрасының 3 курс студенті Дилан Капанов ашихара каратэден ел чемпионатында 1 орын алды.
Ашихара каратэдан Қазақстан Республикасының чемпионы Дилан Капанов – 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (Түркия, Анталия), республикалық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, Қазақстан құрамасының мүшесі.
Студентімізді жеңісімен құттықтап, жаңа спорттық биіктерге жете беруін тілейміз!
Баспасөз қызметі,
Спорт клубы