Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Алғашқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері «Майдан хаттары» қалалық акциясына қатысты.
Акцияның мақсаты – Ұлы Отан соғысының тарихын сарбаздардың майдан хаттары арқылы айту, сондай-ақ жас ұрпақтың 1941-1945 жылдардағы ұмытылмас оқиғалардың кейіпкерлеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Студенттердің шығармашылық тобы Музыкалық білім беру және алғашқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы В.В. Сунцовтың жетекшілігімен аймақтық мұрағат материалдарын – соғыс жылдарындағы газеттерді, марапаттау қағаздарын, алғыс хаттар мен шығысқазақстандық жерлестердің майданнан келген жеке хаттарын зерттеді.
– Соғыс жылдарының шынайы үшбұрыш хаттарын қолмен ұстау, оқу ерекше сезім тудырды, – деп атап өтті акцияға қатысушылар.
Ұлы Отан соғысы майдандарынан келген хаттар – үлкен күшке ие құжаттар.
Баспасөз қызметі