Білім беру бағдарламалары бойынша білім сапасының көрсеткіштерінің бірі студенттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) нәтижелері болып табылады.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ОЖСБ қорытындысы бойынша, өткен жылмен салыстырғанда университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша нәтижелердің артуы байқалады.
Жалпы орташа балл республика бойынша нәтижелер деңгейінен жоғары болып отыр.
Баспасөз қызметі