ШҚО әкімінің БАҚ-қа арналған байқауында «журналистика» білім беру бағдарламасының түлегі Әділхан Есімханов «Менің Шығысым» номинациясы бойынша жеңіске жетіп, дипломмен және облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды.
Құттықтаймыз!
Университетте оқып жүріп Әділхан Есімжанов журналистика саласындағы жұмысын VKsport.kz сайтында спорт журналисті ретінде бастаған-ды.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орнын бітірген Әділхан облыстық «Менің өлкем» газетінде және Buqara.kz сайтында жұмыс істеуде.
Баспасөз қызметі