- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс студенттері Ақжүніс Тәубебайқызы, Ардақ Сайлауова, Гүлнар Ерлан және «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Аяужан Әділбек «Adebi.kz» сайты ұйымдастырған республикалық байқаулардан жүлделі орындар алды.
Ал, Жоғары колледж оқытушылары – «Педагогика және психология» пәндік циклдік бірлестігінің жетекшісі Мөлдір Манкей мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндік-циклдік комиссиясының төрағасы Айнұр Адайханова «ADEBI.KZ» (Әдеби Қазақстан) ақпараттық-білім беру сайты ұйымдастырған шығармашылық байқауларға студенттерді дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
«Өз жеріңді танып біл!» байқауында II дәрежелі, «Сиқырлы бояулар» байқауында І дәрежелі дипломға ие болған НО1Б тобының студенті Ақжүніс Тәубебайқызын, «Өз жеріңді танып біл!» байқауында I дәрежелі дипломға ие болған НО1Б тобының студенті Ардақ Сайлауованы, «Ұстазым – ұлағатым» байқауында I дәрежелі дипломға ие болған НО1Б тобының студенті Гүлнар Ерланды, «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» байқауында I дәрежелі дипломға ие болған П3Б(9) тобының студенті Аяужан Әділбекті жеңістерімен құттықтаймыз!
Жоғары колледж