- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Республиканың 6 аймағынан 68 ойыншыдан құралған 34 фракция «Шаңырақ» кубогіне таласқан болатын. Солардың қатарында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың намысын қорғаған «Ділмар» пікір-сайыс клубының мүшелері Панабек Арайлым, Мажибаева Жадыра, Ғабитова Толқын, Естаева Гульжан, Шынықұлова Алтынай, Анас Бақдаулет.
Жарысқа қатысушылар «ҚР-ның қарулы күштеріне бөлінетін қаржыны көбейту керек», «Утилизация заңы ҚР үшін тиімсіз», «ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап өтудің тиімді механизмін ұсыну», «ҚР-ның азаматтығынан айыруды жаза ретінде қолдану қажет» және т.с.с. тақырыптарға дайындалған болатын.
Американдық Парламенттік форматында 4 іріктеу раундтан өткен өскемендік дебатерлар турнирдің екінші күнінде плей-офф раундында пікір-сайысқа түсті. Нәтижесінде «ділмарлықтар» 3-орын мен «Үздік спикер» атағын иеленген болатын.
Сонымен қатар, қоғам дамуына салғырт қарамайтын, елдің ертеңгі күні тізгінін ұстар ұлт элитасын тәрбиелеуде өз үлесін қосқан С. Аманжолов ат. ШҚМУ ректоры Әлібек Өсербайұлына алғыс хат берілді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Гүлжан Естаева республикадағы үздік спикер атанып, «Ділмар» дебат клубы Алматы қаласында өткен республикалық дебатшылар турнирінде 3 орынды иеленді.
Данияр Жібек