- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттері арасында «Кеудесі шын ақынның күй сарай» атты Ә. Тәжібаев поззиясы туралы эссе жазудан сайыс өтті.
Мақсаты – Әбділда Тәжібаевтың жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу.
Халық жазушысы, зерттеуші, профессор, ақын Әбділда Тәжібаев артына өшпес үлкен мұра қалдырған. Студенттер ақын поэзиясына деген қызығушылықтарын білдіріп, сайысқа белсене қатысты. Сайыс жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы