Университеттің студенттері мен оқытушылары «Ulba» орталық мәдениет үйі жанында жұмыс істейтін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ креативті алаңының жұмысына қатысты.
Креативті алаң «Студенттік көктем – 2018» облыстық фестивалі аясында жұмыс істейді.
Бүгін кешке, 26 сәуірде, гала-концерт және жеңімпаздарды марапаттау өтеді.
Гала-концерттің өтетін орны және уақыты: «Ulba» орталық мәдениет үйі, басталуы – сағат 19-00-де.
Баспасөз қызметі