№3, 4, 5 студенттер үйлерінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге әзірлік жүріп жатыр.
Студенттер үйлерінің студенттік кеңестері фойені әдемі стендттермен рәсімдеп шықты. Студенттер үйлерінде тұратын жігіттер қыздарға мерекелік концерт сыйлауды жөн санапты, ол 8 наурызда №3 оқу ғимаратының акт залында өтпек.
Мерекелер мен көңілді шараларды әзірлеу және өткізу студенттерді адамгершілік тұрғыда тәрбиелейтіні белгілі. Олар бір мақсатта күш біріктіреді, жастардың бойларында ұжымдастық негіздері, отансүйгіштік сезімдер қалыптасады, осындай шараларға қатысу студенттердегі тәртіп пен жүрыс-тұрыс мәдениетін шыңдайды.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі