- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
30 наурызда «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша үздік факультет» дәстүрлі байқауы өтті.
Байқау мақсаты – СҒЗЖ сапасын арттыру және университет факультеттерінің ғылыми қызметін белсендендіру. Байқау комиссиясы қатысушыларды келесі критерийлер бойынша бағалады: студенттердің семинар жұмыстарына, көрмелерге, олимпиадаларға, университетішілік және республикалық ғылыми байқауларға қатысуы, факультеттің студенттік конференциялар ұйымдастыруы, мақалалар жариялауы.
Байқауға ШҚМУ-дың төрт факультеті де қатысты: экономика және құқық факультеті, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, сондай-ақ психология, педагогика және мәдениет факультеті.
Байқау қорытындысы бойынша «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша үздік факультет» атағын және 20 000 тг көлеміндегі ақшалай сыйақыны Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті иеленді.
Жеңіспен құттықтаймыз!
Студенттер мен жас ғалымдардың
ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы