Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Талапкерге: ШҚМУ туралы 15 дерек

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – өңірдегі бірден-бір мемлекеттік көпбейінді жоғары оқу орны.

  • Оқу орнында көптеген білім беру бағдарламалары бар: бакалавриатта – 51, магистратурада – 33, докторантурада – 8.
  • Университетте сұранысқа ие 17 жаңа мамандық ашылған.
  • ЖОО түлегі мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
  • Бакалавриат пен магистратура білім бағдарламалары арнайы аккредиттеуден өткен.
  • ШҚМУ ел ЖОО-ларының бас рейтингісінде 7, көпбейінді ЖОО-лар рейтингісінде 6, ARES әлемдік рейтингісінде 6 орын алады, АРТА бағасы бойынша елдегі ең сұранысы жоғары ЖОО-лар ондығына енген.
  • ШҚМУ-да 8 оқу ғимараты, 4 факультет және 20 кафедра бар. Мұнда жоғары кәсіби оқытушылар, әлемге әйгілі ғалымдар еңбек етеді.
  • ШҚМУ студенттері, магисранттары мен докторанттары әлемнің озық университеттерінде білім мен тәжірибе ала алады. Университет халықаралық деңгейдегі 105 жоғары оқу орнымен келісімдер және меморандумдар жасаған. 
  • ЖОО-да шетелдік серіктестермен қосдипломды білім беру бағдарламасы жұмыс істейді.  
  • ШҚМУ-да әскери кафедра ашылған.
  • ШҚМУ – ұлттық ғылыми зертханасы бар өңірдегі бірден-бір ЖОО. Университетте елдегі жаңғыз Сирек кітаптар қоры құрылған, онда 13 мыңнан астам көне (8-10 ғасырлар) еңбек сақталуда. ШҚМУ-да Археология және Алтай мәдени мұрасы музейі, В. Баженов атындағы табиғат мұражайы, гербарий кабинеті, ШҚО білім музейі жұмыс істейді. «Altai jastary» телестудиясы бар, ол жерде көркем фильмдер де түсіріледі. «Тіл әлемі», «Зияткер» орталықтары, «SANALY URPAQ» кеңсесі студенттер үшін қызмет көрсетеді.
  • ЖОО-да «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы бар.
  • ШҚМУ-да 13 үйірме мен клуб, 18 спорт секциясы жұмыс істейді. 
  • ШҚМУ студенттері С. Аманжолов (25 мың теңге) және Абай (50 мың теңге) атындағы шәкіртақыларды ала алады.  
  • Оқу орнында ғылыми орталықтар, зертханалар, баспахана, 4 Студенттер үйі (жатақхана), асханалар, «Сібе» демалыс базасы, спорт залдары, бассейн, медпункт бар, «STUDENT» тренажер залы ашылмақ. Студенттік қалашық аумағы – қаладағы ең көрікті жерлердің бірі.  
  • ШҚМУ түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Оқу орнын елімізге танымал көптеген іргелі тұлғалар тәмамдаған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo