25 шілде күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «2016-2017 жж Студенттер үйлеріне бірінші курс және жоғарғы курс студенттерін орналастыру тәртібі» ережесі бекітілді.
Ережелердің мәтіні.
Бірінші және жоғарғы курс студенттерін 2016-2017 оқу жж студенттер үйлеріне ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ
- 1 курс студенттерін орналастыру 2016 жылдың 25 тамызында университет комиссиясымен жүргізіледі:
- тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің студенттері 30 Гв дивизия, 40 мекенжайы бойынша орналасқан № 3 Студенттер үйіне орналасады.
- Жаратылыстану ғылымдары және технология факультетінің студенттері 30 Гв дивизия, 40 мекенжайы бойынша орналасқан №4 Студенттер үйіне орналасады.
- Экономика және құқық факультетінің, психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері 30 Гв. Дивизия 38 мекенжайы бойынша орналасқан №5 Студенттер үйіне, ал «дене шынықтыру және спорт», «алғашқы әскери мамандық», «музыкалық білім» мамандықтарының студенттері Образцовая, 7 мекенжайы бойынша орналасқан №1 Студенттер үйіне орналасады.
1.4 Қажетті құжаттар:
- Ректордың атына өтініш (факультет деканының қолымен);
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- 3*4 сурет;
- қосымша:
- ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен анықтама (бар болса);
- оралман куәлігінің көшірмесі (бар болса);
- отбасында 4 немесе одан да көп бала бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (көпбалалалы отбасыларға);
- мүгедектік туралы анықтама (бар болса).
2. Студенттер үйлеріне орналастыру келесі кезекте жүргізіледі:
- бірінші курс студенттері және «Серпiн -2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша түскен грант иегерлері;
- білім гранттарының немесе әкім грантының иегерлері;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар;
- ақылы оқитын студенттер;
- шетелдік студенттер;
- магистранттар.
3. Жоғарғы курс студенттерін орналастыру 2016 жылдың 29 тамызында жүргізіледі
2-4 курс студенттерін бұрынғы тұрған Студенттер үйлеріне орналастырады.
4. Студенттер үйлерінде тұру үшін айына, бір орын үшін студенттерге 3100 теңге, магистранттар үшін 8000 теңге. Оплата за проживание в Домах студентов составляет за койко-место студентам - 3100 тенге.
5. Комиссия рұқсатын алған соң, студент медпунктке барып, тексеруден өтуі тиіс: 30 Гв.дивизия көшесі, 36 (№ 3 оқу ғимараты, 1 қабат).
6. Бос орындар болған жағдайда бір отбасының студенттері бір Студенттер үйіне, бір бөлмеге орналастырылатын болады.
7. Орналастыру комиссиясының жұмыс уақыты – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін).
Комиссия Студенттер үйлерінің орналасқан жерлерінде жұмыс істейді.