4 желтоқсанда әкімшілік ғимараттың акт залында заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Баяхметұлы Әбдірасыловқа ШҚМУ құрметті профессорының дипломы, төсбелгісі, мантиясы табысталды.
– Құрметті Ермек Баяхметұлы, ШҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен Сізге осы құрметті атақ беріліп отыр. Бұл сізге деген зор құрметтің, ШҚМУ-ды дамытуға қосқан үлесіңізге деген шексіз алғыстың белгісі, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген.
Ғалым ЖОО ректорына ризашылығын білдіріп, университетпен әріптестігін жалғастыра беруге, білікті мамандар дайындауға өз үлесін қоса беруге әзір екенін жеткізді.
Баспасөз қызметі